Баспасөз қызметі апат көрсеткендей, В. Путин партия билетін алудан бас тартты. Дауыс берудің алдында партияның қазіргі жетекшісі Борис Грызлов Федералдық тіркеу қызметі «Единая Россия» партиясының жаңа жарғысын тіркегенін хабарлады. Оған сәйкес партия мүшесі болмаса да партия төрағасы болуға құқық береді.
Сайланған президент Дмитрий Медведев партия мүшелігінен бас тартты. Баспасөз қызметінің түсіндіруі бойынша, партияның жоғарғы басшылығы өздерін саяси құрылымда тіркеуге тұруға міндетті санамады.
«Единая Россия» басшылығы маған партияға кіру жөнінде ұсыныс тастады. Мен мұндай ұсынысты жоғары бағалаймын және алғыс білдіремін. «Единая Россия» менің ниеттестерімнің партиясы екендігі сөзсіз. Бірақ, оның қызметіне тікелей араласуға әлі ертерек деп есептеймін», — деп Ресейдің «Новости» ақпараттық агенттігі Д. Медведевтің сөзін келтірген.
«Мен мемлекет басшысы болып сайланғаннан кейін қандайбір саяси партияда болғаным дұрыс емес екендігіне сенімдімін», — деп атап көрсетті Д. Медведев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті