Алматы қаласының әкімі Бостандық ауданының белсенділерімен бірге білім беру нысандарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының әкімі Бостандық ауданының белсенділерімен бірге білім беру нысандарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарын талқылады

Алматы қаласының әкімі Бостандық ауданының белсенділерімен бірге білім беру нысандарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарын талқылады

Алматы. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Бостандық ауданының белсенділерімен бірге жаңа білім беру нысандарының құрылысы мен ескілерінің жөндеу жұмыстары жайын талқылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қаласы әкімі аппаратының қоғаммен байланыс басқармасына сілтеме жасай отырып.

  • 16 Сәуiр 2008
  • 581
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар, А. Есімов студенттер жатақханаларының құрылысы мен жөндеу жұмыстарына назар аударуды өтінді.

«Әкім Бостандық ауданы білім беру нысандары ең тығыз орналасқан аудан екенін атап көрсетті. Бұл аумақта 32 773 студент оқитын екі ұлттық жоғарғы оқу орны — Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ мен Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 29 811 студенті бар 12 жекеменшік жоғарғы оқу орны, 22 513 оқушысы бар 28 мемлекеттік мектеп, 14 мемлекеттік емес мектеп, 27 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме, 3 арнаулы балалар бақшасы, 7 интернат және балалар үйлері, 11 арнаулы орта білім беретін оқу орны орналасқан», — деп көрсетілген хабарламада.

Қоғаммен байланыс басқармасы 2008 жылы Бостандық ауданында «250 орынға арналған нашар еститін және керең бабаларға арналған №1 интернат салу, 9 балалар бақшасы мен орта мектептерді күрделі жөндеуден өткізу» жоспарланып отырғанын хабарлады.

Сонымен бірге, Басенов көшесінің бойынан 150 орынға арналған перинатальдық орталық және Гагарин көшесінде күніне 500 қабылдауға дейінгі емхана салу, сондай-ақ, қалалық инфекциялық клиникалық аурухананы, инфекциялық балалар ауруханасын, қалалық СПИД орталығы, қалалық онкологиялық диспансерді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

Басқарма сондай-ақ, 2008 жылы 100 ауланы жөндеу және көркейту, тұрғын үйлердің 30 жертөлесін жөндеу жұмыстары жоспарланып отырғанын хабарлайды. «Пәтер иелері кооперативінің қаражаты есебінен 645 тұрғын үйдің шатырындағы жабынына жөндеу жүргізіледі. Оның жалпы аумағы 151 мың шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ, 45 тұрғын үйдің өң беті жөнделеді», — деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті