Қостанай облысында тіркеуге алынған жалпы қылмыстардың 13,5 пайызға төмендеуі тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында тіркеуге алынған жалпы қылмыстардың 13,5 пайызға төмендеуі тіркелді

Қостанай облысында тіркеуге алынған жалпы қылмыстардың 13,5 пайызға төмендеуі тіркелді

Қостанай. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында тіркеуге алынған жалпы қылмыстардың 13,5 пайызға төмендеуі тіркелді. Бұл туралы ІІД өткен апталық брифингте басқару штабының бастығы полиция подполковнигі Максим Комаров мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 16 Сәуiр 2008
  • 436
Фото - Caravan.kz

«Облыста тіркеуге алынған жалпы қылмыстардың 13,5 пайызға төмендеуі тіркелді. Ауыр (1,5%) және аса ауыр (17,8%) қылмыстардың төмендеуі байқалады. Жыл басынан бері облыста 20 әдейі кісі өлтіру оқиғасы болған. Бұл 2007 жылдың осындай мезгілімен салыстырғанда 31 пайызға аз», — деп хабарлады подполковник М. Комаров.

Оның айтуынша, денсаулыққа әдейі ауыр залал келтіруге байланысты қылмыстардың өсу қарқынында айтарлықтай өзгерістер болған. Бұл қылмыс түрінің саны 43-тен 28-ге (34,9%) төмендеген. Оның ішінде адам өлімі болған жағдай 28-ден 15-ке (70,5%) азайған.

М. Комаров атап көрсеткендей, қылмыстардың жалпы құрылымында бұрынғысынша мүліктік қылмыстар озып тұр. Тіркеуге алынған жалпы қылмыстардың ішіндегі олардың үлес салмағы 81,2 пайызды құрап отыр. Жыл басынан бері облыста 1034 ұрлық тіркелген. Ол 2007 жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 3,9 пайызға көп.

Өзге мүлікті тонау құрылымында барлық түрлер бойынша төмендеу байқалады. Тек көлік тонау ғана ырыққа көнер емес. Барлығы да Қостанай қаласында тіркелген.

Алаяқтық (61,6%), тонау (31,5%) оқиғаларының көлемі айтарлықтай азайған. Бопсалау және қару тонаумен байланысты қылмыстарды ашу жұмыстары жақсарған.

Облыстың қоғамдық орындары мен көшелеріндегі қылмыстылық жағдайы тұрақты қалпында қалып отыр.

Профилактикалық сипаттағы шаралар арқылы жасөспірімдер (30,6%), мас адамдар (29,5%), бұрын қылмыс жасамаған тұлғалар (3,4%) және топ болып (20,9%) жасаған қылмыстардың санын азайту мүмкіндігі туды.

М. Комаровтың айтуынша, ауыр қылмыстарды ашу былтыр 67,4 пайызды құраса, биыл 75,4 пайыз болған. Әдейі кісі өлтіру былтыр — 73,3 пайыз, биыл — 75 пайыз.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ағымдағы жылы іздеу салынған 71 қылмыскерден 56-сы тұтқындалған. Із-түзсіз жоғалған 99 адамның 90-ы табылған.

Есірткімен байланысты 187 қылмыс анықталды. Оның 114-і есірткі сатумен байланысты болып отыр. Нәтижесінде заңсыз айналымнан 16,3 кг есірткі заты тәркіленді. Оның 5 кг 139 граммы героин болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті