Түрікменстан президенті манатты деноминациялау жөніндегі жарлыққа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрікменстан президенті манатты деноминациялау жөніндегі жарлыққа қол қойды

Түрікменстан президенті манатты деноминациялау жөніндегі жарлыққа қол қойды

Ашхабад. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов манатты деноминациялау жөніндегі жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 16 Сәуiр 2008
  • 517
Фото - Caravan.kz

Ұлттық валютаны деноминациялау 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастау алады.1 мың ескі манатқа 1 жаңасын береді. «Түрікменстанның ұлттық ақша бірлігін деноминациялау туралы» Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің жарлығына сәйкес манаттың айналым тиімділігін арттыру, баға құруды оңайлату және нарық жағдайына икемдеу мақсатында шешім қабылданған.

Ескі манаттарды жаңаларына ауыстыру ісімен Түрікменстанның құзырлы банктері келер жылы айналысады. Сол уақыт ішінде барлық ескі және жаңа купюралар қолданыста болады.

Жаңа купюраларды жасап шығарған Ұлыбританияның De La Rue International Limited компаниясы. Мемлекет басшысы бекіткен жаңа банкноталарда тарихи тұлғалар бейнеленеді. Құны ең жоғары манатта (500 манат) елдің бірінші президенті Сапармұрат Ниязовтың бейнесі сақталады.

$1 шамамен 5200 манатқа тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті