Халықаралық ғарыш станциясына 17-ші экспедицияға арнап жүк жеткізетін «Прогресс М-64» жүк кемесін 2008 жылдың мамыр айының ортасында ұшыру межеленген.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Самараның «Прогресс ОКБ» мамандары «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының мамандарымен бірлесіп, «Союз-У» зымыран тасығышын құрастыра бастады, оның барысында зымыран тасығыштың екінші және бірінші сатысының блоктары өзара түйістіріледі.
Сонымен бірге, №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында ғарыш айлағына 25-наурызда жеткізілген «Прогресс М-64» жүк кемесінің жүйелеріне кешенді сынақтар жүргізілуде.
«Кешенді сынақтардан кейін корабль жүйелерді тексеру үшін алдымен жаңғырықсыз камераға, сосын вакуумды камераға орналастырылады»,- деп хабарлайды «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі.
«Прогресс М-64» жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 8-сәуірде ұшырылған пилотты ғарыш кемесінің 17-ші экспедициясына арнап азық-түлік, ғылыми жабдық пен отын жеткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті