Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы ашығып отырғандардың пайлары мен оларды алатындардың санын қысқартады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы ашығып отырғандардың пайлары мен оларды алатындардың санын қысқартады

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы ашығып отырғандардың пайлары мен оларды алатындардың санын қысқартады

Алматы. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (ДАБ) бағасы қымбаттап кеткен азық-түлікті сатып алатын қаржы тапшылығы мен көлік тапшылығына тап болды. Осыған орай ДАБ ашығып отырғандардың пайлары мен оларды алатындардың санын қысқартуға мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды агенттік БҰҰ ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

  • 16 Сәуiр 2008
  • 599
Фото - Caravan.kz

Ақпарат орталығы хабарлағанындай, ДАБ бір ай бұрын донор мемлекеттерге азық-түліктер мен отынның қымбаттауына байланысты төтенше жағдаймен төрт аптаның ішінде шығындарды өтеу үшін $500 млн қаржыны бөлуді сұраған болатын. Бүгінгі күні донорлар $14 млн бөлген.

«Әлемдегі 80 елдің 73 млн адамы ДАБ төтенше көмегіне зәру болып отыр. Алайда олардың басым бөлігі көмекті ала алмау қаупі бар», — деп хабарлайды ақпарат орталығы.

ДАБ туындаған жағдайды өзі шешуге талпынды. Өткен жылы операциялар жүргізіліп жатқан аудандарда орналасқан 80 дамушы ел үшін жөнелтілген азық-түлік көлемі 30 пайызға ұлғайтылды. Соның салдарынан көлік шығындары қысқартылды. Соған қарамастан ұйым өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда бүгінгі күні азық-түлік үшін 55 пайызға артық қаржы жұмсап отыр. Сөйтіп Римдегі ДАБ штаб пәтерінде азық-түлік пайлары мен оны алатындар саны қысқартылып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті