Парламент тұтқындауға соттан санкция беруді қарастыратын заңнамалық түзетулер бойынша келісім комиссиясын құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент тұтқындауға соттан санкция беруді қарастыратын заңнамалық түзетулер бойынша келісім комиссиясын құрады

Парламент тұтқындауға соттан санкция беруді қарастыратын заңнамалық түзетулер бойынша келісім комиссиясын құрады

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Парламент "Кейбір заңнамалық актілерге тұтқындау түрінде кідірту шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бойынша келісім комиссиясын құруда. Бұл туралы мәжілістің пленарлық отырысы барысында депутат Светлана Бычкова мәлімдеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.

  • 16 Сәуiр 2008
  • 415
Фото - Caravan.kz

«Сенат ұсынып отырған өзгертулердің басым көпшілігі редакциялық өзгертулер, бірақ комитет олардың көбісі бойынша келісуге болмайды деп есептейді.. Осыған орай мәжіліс пен сенат арасында келісім комиссиясын құру жөнінде ұсыныс бар», — деп атап өтті мәжіліс депутаты.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасының мақсаты қолданыстағы заңнаманы Конституцияның 16-шы бабына сәйкестендіруге саяды.

Атап айтсақ, Қылмыстық-процессуалдық кодекс пен «Прокуратура туралы» заңға түзетулер енгізіледі.

Қылмыстық-процессуалдық кодексте тұтқындауға санкция беру өкілеттілігін тікелей аудандық және қалалық сотқа беру заңдастырылады.

Кідірту шарасы ретінде тұтқындауды таңдау қажет болған жағдайда тергеу органы, тергеуші сотқа тұтқындауға санкция беру туралы өтініш жазады, ол іс материалдарымен бірге прокурорға жолданады.

Прокурор өз шешімімен бұл өтінішті қолдау немесе қолдамау жөнінде тиісті қаулы шығарады. Тұтқындау шарасын қолдануға прокурордың келісім бермеуіне тергеу органы немесе тергеуші қарсы шығып, жоғары саталы прокурорға немесе сотқа шағымдана алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті