Мәжіліс "Қылмыстық сот өндірісі қатысушыларын қорғау туралы келісімді бекіту жөніндегі" заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Қылмыстық сот өндірісі қатысушыларын қорғау туралы келісімді бекіту жөніндегі" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Қылмыстық сот өндірісі қатысушыларын қорғау туралы келісімді бекіту жөніндегі" заң жобасын мақұлдады

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілістің бүгін өткен жалпы отырысында депутаттар "Қылмыстық сот өндірісі қатысушыларын қорғау туралы келісімді бекіту жөніндегі" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 16 Сәуiр 2008
  • 996
Фото - Caravan.kz

«Келісімнің мақсаты келісімге қатысушы тараптардың аумағында қылмыспен тиімді күресті қамтамасыз ету және қылмыстық сот өндірісі мақсаттарын табысты жүзеге асыру болып табылады», -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Келісім ТМД-ға қатысушы елдердің құқық қорғау органдарының қылмыспен күрес және қылмыстық сот өндірісі мақсаттарын шешудің қылмыстық сот өндірісі қатысушыларының заңды құқықтары мен мүдделерін лайықты қорғауды қамтамасыз ету жағынан өзара ықпалдастық орнату мәселелерін регламенттейді.

Келісімнің ережелеріне сәйкес, әрбір сұрау салынған тарап сұрау салған жаққа қорғаудағы адамдарға қатысты қорғау шараларын жүзеге асыруға қолдау көрсетеді. Қорғау шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру процессі құпия болып табылады, құпиялық дәрежесі әрбір нақты жағдайда мүдделі тараптардың құзырлы органдары арасындағы ақылдасу нәтижесінде айқындалады.

Келісімге 2006 жылдың 28 қарашасында Минск қаласында ТМД елдерінің бірқатар басшылары қол қойған.

Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті