Алматы, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында көшкін түсу қаупі бар - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында көшкін түсу қаупі бар

Алматы, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында көшкін түсу қаупі бар

Алматы. 16-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Сәуірдің 16 мен 30 аралығында Алматы, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында көшкін түсу қаупі бар. "Алматы қалалық құтқару қызметі" ҚКК бүгін осындай ескерту жариялады.

  • 16 Сәуiр 2008
  • 412
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «қар қабатының тұрақсыздығына және Шығыс Қазақстан облысының 1,4 мың метрден жоғары, ал Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысының 2500 метрден жоғары таулы аудандарында күн райының тұрақсыз болатындығына байланысты сәуірдің 16 мен 30 аралығында көшкін түсу қаупі сақталады»,- делінген хабарламада.

Қазгидромет ақпаратына сәйкес, күн қарқынды жылынған және жаңбыр жауған жағдайда қауіп тіптен арта түспек.

Осыған байланысты тұрғындарға осы кезеңде биік таулы аймақтарда мәдени-бұқаралық шараларды өткізуден бас таруға нұқсау беріледі.

«Тауларда абай болуға шақырамыз»,- деп ескертеді құтқару қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті