«Көкшетау қаласының көптеген тұрғындары жылумен қамтамасыз ететін «№2 аудандық қазандығы» МКК өз қызметін дұрыс атқармай, температуралық режимді сақтамағаны жөнінде шағымдарын түсірді. Осыған байланысты департамент, Көкшетау әкімдігі мен мәслихат өкілдері бірлесе отырып 2007-2008 жылдар аралығындағы бес айда жіберілген жылу энергиясын тексерді «, — деп хабарлады департаментте.
Тексеру кезінде анықталғанындай, жылу энергиясы нормадан жоғары көлемде жоғалтылып,температуралық кестенің орындалмауынан тұтынушыларға 72 7691 Гкал көлемінде жылу қуаты жіберілмеді. Кәсіпорынның есеп -қисабы бойынша, тексерілген кезең аралығында жоғалтылған жылу қуатының көлемі 26,9 пайызды құрады.
Осыған байланысты аудандық №2 қазандығына табиғи монополиялар жөнінде заңнамасының заң бұзушылықтарын жою жөнінде шешім шығарылып, жылу тұтынушылар үшін 160 млн 371 мың теңге мөлшерінде есепті қайта жасау жөнінде талап қойылды. Сондай-ақ, қазандыққа 1млн 752 мың теңге немесе 1500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айып пұл салу жөнінде әкімшіліктік шара қолданылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті