«Біз оның қылмыс жасағанына күдік келтірмейміз және оны дәлелдеп, сотқа жеткіземіз», — деді Абзал Кәрімов.
Оның нақтылауынша, «Ж. Күлекеев қазір тергеу абақтысында отыр».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК»АҚ-ның бұрынғы президенті Жақсыбек Күлекеевті қаржы полициясы компаниялардың біріне мемлекеттік сатып алулар тендері бойынша оң шешім шығару үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған күдікті деп тануда. Ол 1 сәуір күні тұтқындалған. Оған қатысты аса ірі көлемдегі 100 мың доллар пара алу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 5-тармағы (Пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Айыпталушы Жақсыбек Күлекеев және оның қорғаушылары ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 110-бабының тәртібіне орай Сарыарқа аудандық сотында оны қамауға алу санкциясына шағым түсірді. Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты дүйсенбі күні «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеевтің шағымын қанағаттандырмай тастады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті