Австралия Қазақстанның ДСҰ-ға кіру ниетін қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Австралия Қазақстанның ДСҰ-ға кіру ниетін қолдайды

Австралия Қазақстанның ДСҰ-ға кіру ниетін қолдайды

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Австралия Қазақстанның ДСҰ-ға кіру ниетін қолдайды. Бұл туралы Австралияның Ресей Федерациясындағы, сонымен бірге Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан мен Украинадағы елшісі Роберт Джеймс Тайсон мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 544
Фото - Caravan.kz

«Мен келіссөздер жақында сәтті аяқталады деген ойдамын. Біз Қазақсанды ДСҰ қатарынан көруді күтеміз», — деді Р. Тайсон Астанада Қазақстанның үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен болған кездесуден кейін.

Әңгіме барысында тараптар бірқатар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық, атап айтқанда, ауыл шаруашылық, сауда, білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

К. Мәсімов Австралия үкіметінің басшысын Қазақстанға келіп қайтуға шақырды. Сондай-ақ, екі елдің министрліктері мен ведомстволарының өкілдері арасында сапар алмасу процессінің белсенділігін арттыруға ұсыныс тастады. Австралияның төтенше және өкілетті елшісі ҚР премьеріне көрсетілген қонақжайлылық пен Қазақстанда оған көрсетілген құрметке ризашылығын білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті