Үкіметте "Азиада - 2011" ойындарына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте "Азиада - 2011" ойындарына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысы өтті

Үкіметте "Азиада - 2011" ойындарына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысы өтті

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Сәрсенбі күні ҚР үкіметінде премьер-министр Кәрім Мәсімовтың төрағалық етуімен Алматы және Астана қалаларында 2011 жылы VII қысқы Азия ойындарын өткізуге дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 507
Фото - Caravan.kz

«Аталмыш жарыстарды өткізуге қажетті спорттық нысандарды салу мен бұрынғыларын жөндеуден өткізу мәселелері ұйымдастыру комитетінің талқылауына шығарылды», — деп көрсетілген хабарламада.

Сондай-ақ, спорттық ғимараттар 15 нысаннан тұратыны және оның ішінде 10-ын салу, қалған бесеуін жөндеуден өткізу жоспарланып отырғаны атап көрсетілді.

«Отырысқа қатысушылар Алматы облысында шаңғы-биатлон трассасы мен шаңғы стадионын салу мәселесін талқылады. Осы трасса үшін Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында жер телімін ұзақ уақытқа (49 жылға дейін) жалға беруге шешім қабылданды», — деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен бірге, К. Мәсімов Алматы қаласында халықаралық шаңғы трамплинінің кешенін салу үшін жер учаскесін дайындауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті