Қырғызстанның Қазақстанға келетін ресми делегациясының құрамы бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның Қазақстанға келетін ресми делегациясының құрамы бекітілді

Қырғызстанның Қазақстанға келетін ресми делегациясының құрамы бекітілді

Бішкек. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев 17 - 18 сәуірде Қазақстанға ресми сапармен келеді және Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Қырғызстан мен Қазақстан республикаларының Жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 511
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қырғызстанның ресми делегациясының құрамына президент әкімшілігінің жетекшісі М. Садырқұлов, президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі И. Рысқұлов, сыртқы істер министрі Э. Қарабаев, энергетика, өнеркәсіп және отын ресурстары министрі С. Балқыбеков, экономикалық даму және сауда министрі А. Жапаров, көлік және коммуникация министрі Н. Сулейманов, білім және ғылым министрі И. Болжурова, Шу облысының губернаторы К. Сыйданов, Мемлекеттік көші-қон және жұмыспен қамту комитетінің басшысы А. Рысқұлова, Ұлттық банк төрағасы М. Алапаев, Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі Ж. Рустанбеков кірген.

Сапар барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты үкіметаралық құжаттарға қол қою күтілуде.

Қ. Бакиевтің сапары қарсаңында 16 сәуір күні Астана қаласында Қазақстан мен Қырғызстанның екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жетінші отырысы өтті. Сосын Астанадағы Қырғызстан елшілігінің ғимараты маңында Қырғызстаннан әкелінген 100 түп ағаш отырғызылды. Сонымен бірге, кеше Астана әуежайында Бішкек — Астана — Бішкек бағытындағы тұрақты әуе қатынасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті