Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны жасаушы арнайы жұмыс тобының кезекті отырысы Бакуде өтеді - СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны жасаушы арнайы жұмыс тобының кезекті отырысы Бакуде өтеді - СІМ

Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны жасаушы арнайы жұмыс тобының кезекті отырысы Бакуде өтеді - СІМ

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Каспий жағалауындағы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны жасаушы арнайы жұмыс тобының кезекті отырысын дипломатиялық арналар бойынша келісілген мерзімде Баку қаласында өткізуге шешім қабылданды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 552
Фото - Caravan.kz

СІМ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 2008 жылдың 15-16 сәуірінде Тегеран қаласында Каспий жағалауы елдерінің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны жасаушы арнайы жұмыс тобының кезекті 22 отырысы өткен. Оның барысында делегация жетекшілері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі және теңіздегі ынтымақтастықтың маңызды мәселелері бойынша өз елдерінің ұстанымдарын жеткізді. Келіссөздерде Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев Қазақстан делегациясына жетекшілік жасады.

«Келіссөздер барысында тараптар конвенция жобасын талқылауды жалғастырды және кейбір ережелер бойынша келісті. Сондай-ақ, 2007 жылдың 16 қазанында Тегеранда өткен Каспий жағалауы елдері басшыларының екінші саммитінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру бойынша пікір алмасты», — деп көрсетілген сәрсенбі күні таратылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тараптар 22 отырыс қорытындысын оң бағалады және Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенцияны тезірек бекіту үшін келіссөздерді жалғастыру қажет екендігін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті