Мемлекет басшысы индустриялық-инновациялық даму стратегиясына түзетулер енгізуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы индустриялық-инновациялық даму стратегиясына түзетулер енгізуді тапсырды

Мемлекет басшысы индустриялық-инновациялық даму стратегиясына түзетулер енгізуді тапсырды

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылға дейінгі индустриялық- инновациялық даму стратегиясына түзетүлер енгізуді тапсырды. Президент мұндай тапсырманы үкімет басшылығы мен оның мүшерімен болған кездесу кезінде берді, деп хабарлайды агенттік мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 601
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы стратегияны жүзеге асыру жұмыстарындағы кемшіліктерді атап өтіп, оған тиісті түзетулер енгізу жөнінде тапсырма берді», -деп айтылған баспасөз хатында.

«Үкімет 30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасын жүзегу асыру жұмыстарын жүйелендіріп, стратегияны жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын тиімді үйлестіру керек», -деп атап өтті Н. Назарбаев.

Президент атап өткеніндей, стратегияның басты мақсаты- шикі зат ресурстарынан тәуелсіз, балама экономиканы құру». Бұл экономикалық дамудың маңызды міндеттерінің бірі. Еліміздің болашағы соған тәуелді», — деді Н. Назарбаев.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, мемлекет басшысы сонымен бірге үкімет пен даму институттары белсенді түрде жұмыстарды атқарып, бүгінгі күні оның нәтижелері көрініп отырғанын тілге тиек етті. Стратегия жүзеге асырылған бес жылдың ішінде даму институттары қаржысының есебінен өңдеу өндірісі бойынша 50 жоба іске асырылып, пайдалануға тапсырылды. Жаңа кәсіпорындарда 25 мың жұмыс орны ашылды.

Мемлекет басшысы атап өткеніндей, индустриялық-инновациялық даму стратегиясы инновациялық, экспортқа бағытталған және диверсификацияланған экономика құрылысының тиімді бағытының темір қазығын құрды.

«Даму институттарының қызметі экономиканың диверсификациялануына оңтайлы әсер беріп, әлемдік қаржы жүйесінің жаһандық дағдарысы кезінде өзінің маңыздылығын көрсетті «, — деді ол.

Сонымен бірге, президент «»Қазына»АҚ мен ӘКК бизнес-қауымдастығының инвестициялық жобаларының іске асырылуына көмек көрсетулерін тапсырды». Ол айтқанындай Қазақстанда пайдаланылған үлкен ішкі резервтер бар.

«Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізген кезде Қазақстанның үлесін ұлғайтуға ықпалды шаралар жүргізу қажет. Қазақстанда жер қойнауын пайдалану саласындағы тауар нарығы $8 млрд құрайды, ал Қазақстан өндірісшілерінің мұнайгаз секторындағы үлесі 8 пайызды, тау-кен саласында 22 пайызды құрайды «, — деді Н. Назарбаев.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, мемлекет басшысы атап өткеніндей дайындалып жатқан жаңа Салық кодексінде салық әкімшіліктендіруі мейлінше жеңілдетіліп, шикізат емес секторының салық төлемдерінің деңгейі төмендетілуі тиіс.

«Бұл бизнес пен экономиканың алға ұмтылуының кезекті серпін болады», — деді Н. Назарбаев. Ол атап өткеніндей, «алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ел жаңа Салық кодексі бойынша жұмыс істеуі керек».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті