Парламент ҚР Жоғарғы Кеңесі төралқасының прокуратура органдарында қызметтен өту ережелерін айқындайтын қаулысының күші жойылды деп таныды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент ҚР Жоғарғы Кеңесі төралқасының прокуратура органдарында қызметтен өту ережелерін айқындайтын қаулысының күші жойылды деп таныды

Парламент ҚР Жоғарғы Кеңесі төралқасының прокуратура органдарында қызметтен өту ережелерін айқындайтын қаулысының күші жойылды деп таныды

Астана. 17-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "ҚР Жоғарғы Кеңесі төралқасының "Прокуратура органдарында қызметтен өту ережелерін бекіту туралы, ҚР прокуратура қызметкерлерінің класс шендері мен әскери атақтары туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 506
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазіргі уақытта прокуратура органдары ҚР Жоғарғы Кеңесінің төралқасының 1992 жылдың 6 шілдесіндегі қаулысымен бекітілген «Прокуратура органдарында қызметтен өту ережелерін бекіту туралы, ҚР прокуратура қызметкерлерінің класс шендері мен әскери атақтары туралы» ережелерді басшылыққа алады.

Бұл қаулы 1992 жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» заңына сәйкес қабылданып, 1995 жылдың 21 желтоқсанындағы «Прокуратура туралы» заңымен күшін жойды деп танылған.

Бұл ретте, «1995 жылдың 21 желтоқсанындағы «Прокуратура туралы» заңының 48-бабына сәйкес прокуратура органдарында қызметтен өту ережелерін президент бекітуге тиіс».

«Нормативтік-құқықтық актілер туралы» заңының 27-бабына сәйкес, жоғары деңгейдегі нормативтік-құқықтық акт күшін жойды деп танығанда оны жүзеге асыруға бағыттаолған төменгі деңгейлі нормативтік-құқықтық акт де күшін жойды деп тану қажет», — делінген қорытындыда.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті