«Парламент 2004 жылы «Астық туралы»заңын қабылдаған. Бұл заңдағы баптар бойынша элеваторлар қызметіне шектеулер қойылып, олар бидайды қабылдау, сақтау және оны өңдеумен ғана айналысуы керек деген талаптар қойылған. Енді элеваторлар жеке асханасынан да бас тартуға мәжбүр, сондай-ақ біз бала бақшасына жылу беруді тоқтатуымыз керек «, — деді Тобыл элеваторы директоры қызметін атқарушы Николай Колесник.
Ол атап өткеніндей оны жасамасақ онда «элеваторлар лицензиясынан айрылуы мүмкін».
«Элеваторларға қосылған әлеуметтік нысандар жанынан шұғыл түрде автономиялық жылу беру нысан құрылысын салу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылмаған «, -деп хабарлады Тобыл ауылының әкімі Баймағамбет Қаукен.
«Қостанай облысында темір жол мен элеваторға тәуелді болып отырған 52 нысан бар», — деді облыстық маслихат отырысында коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры Ольга Печаткина.
Қостанай облысының басшылары «Астық туралы» заңы қабылданар алдында мұндай жағдайдың орын алатыны жөнінде парламентті, үкіметті ескерткен болатын. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Виктор Мейстер атап өткеніндей, » парламент депутаттары, соның ішінде Қостанай облысынан сайланған халық қалаулылары үкімет ұсынған заң жобасын өзгеріссіз қабылдады «.
Элеваторлар жақын жерде орналасқан нысандарға жылу беру жағдайы кеңес үкіметі кезінде қалыптасқан. Өйткені, көптеген ауылдардағы элеваторлар ең ірі кәсіпорын болып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті