Экономикалық өсім қарқынын жеделдету үшін Қазақстан заңнаманы жаңалап, инфрақұрылымды дамытуы қажет - "Казына" басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономикалық өсім қарқынын жеделдету үшін Қазақстан заңнаманы жаңалап, инфрақұрылымды дамытуы қажет  -  "Казына" басшысы

Экономикалық өсім қарқынын жеделдету үшін Қазақстан заңнаманы жаңалап, инфрақұрылымды дамытуы қажет - "Казына" басшысы

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Экономикалық өсім қарқынын жеделдету үшін Қазақстан заңнаманы жаңалап, инфрақұрылымды дамытуы және адами капиталды дамытуға назар шоғырландыруы қажет. Бұл туралы бүгін "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ-ның басқармалары төрағасы Арман Дунаев парламент мәжілісінде өткен "Отандық қаржылық институттардың ресурсын тиімді пайдалану - еліміздің бәсекелестік қабілетін көтерудің негізі" атты дөңгелек үстел барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 607
Фото - Caravan.kz

«Меніңше, 2012 — 2013 жылдары Қазақстан жаңа тарихи кезеңге ден қоятыны сөзсіз, ол салалардың экономикалық құрылымының тепе-теңдігі мейлінше арта түскен жедел экономикалық өсім қарқынымен бекемдене түседі», — деп мәлімдеді А. Дунаев.

«Бірақ ол үшін мемлекет өзіміз жол берген кемшіліктерді ескере отырып, үш іргелі қадам жасауы қажет», — деді ол.

Атап айтсақ, «жеке бизнес үшін қолайлы заңнамалық база қажет».

«Жеке бизнес ойын ережесі айқын салаларға ғана келеді. Осындай ережелер түрлі нұсқамалар мен нормативтік-құқықтық актілерден аяқ алып жүргісіз жағдайға жеткен кезде бағыт-бағдарды табу қиынға түседі», — деді «Қазына» басшысы.

Сондай-ақ, мемлекет «институционалдық негізге, яғни, адами капиталды дамытуға жағдай жасауға тиіс». А. Дунаевтың түсіндіруінше, «Қазына» жобаларды басқаратын дайын мамандардың тапшылығы тауқыметімен әлден-ақ тап келіп отыр».

«Үшінші проблема — қолайлы инфрақұрылым жасау, бұл — баршаның, соның ішінде «Қазынаның» да міндеті», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті