Шымкентте №1 қылмыстық-атқару инспекциясының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте №1 қылмыстық-атқару инспекциясының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды

Шымкентте №1 қылмыстық-атқару инспекциясының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды

Шымкент. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД қызметкерлері №1 қылмыстық-атқару инспекциясының бастығын пара алды деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД -нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 554
Фото - Caravan.kz

«Юстиция капитаны қала тұрғынынан түзеу жұмыстарынан мерзімінен бұрын босату жөніндегі материалдарды дайындап беру үшін ақша бопсалаған. Бұл қызметі үшін ол $200 талап еткен», -делінген хабарламада.

Қазір тұтқын Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД -нің тергеу абақтысына қамалды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің пара алу жөніндегі 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті