Мәсімов Қазақстанның Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының қызметіне қатысуына байланысты мәселені талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәсімов Қазақстанның Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының қызметіне қатысуына байланысты мәселені талқылады

Мәсімов Қазақстанның Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының қызметіне қатысуына байланысты мәселені талқылады

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Премьер-министр Кәрім Мәсімов Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының (ДЖДСҰ) бас директоры Бернард Валл бастаған өкілдерімен кездесуде Қазақстанның ұйым қызметіне қатысуына байланысты мәселені талқылады,- деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 619
Фото - Caravan.kz

Премьер-министр тараптарға Қазақстан Республикасының ұлттық ветеринарлық қызметінің құрылымын, сондай-ақ оның республика аумағында жануарлар өнімдерінің қауіпсіздігі мен эпизоотиялық қолайлы жағдайды қамтамасыз етудегі рөлін таныстырды.

К. Мәсімов ДЖДСҰ-ның қызметі аясында үйлестіру және көмек көрсету Қазақстанға ветеринария жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру үшін қосымша мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті.

Сондай-ақ тараптар Қазақстанның ДЖДСҰ-ның қызметіне қатысу перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Еуропа және Орталық Азия елдері үшін Қазақстанда халықаралық конференциялар мен кездесулер ұйымдастыру және өткізу мүмкіндігі сөз болды.

Премьер-министр кездесу барысында айтылған проблема Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі қарсаңында ветеринария саласында дұрыс стратегия мен тактиканы таңдап алуда елеулі көмек болатынына тоқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті