Қырғызстан азаматтары Қазақстанда 90 күн тіркеусіз тұра алатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан азаматтары Қазақстанда 90 күн тіркеусіз тұра алатын болды

Қырғызстан азаматтары Қазақстанда 90 күн тіркеусіз тұра алатын болды

Астана. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан азаматтары Қазақстанда 90 күн тіркеусіз тұра алатын болды. Бұл туралы кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевпен арадағы келіссөздер нәтижесі бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 18 Сәуiр 2008
  • 462
Фото - Caravan.kz

«Қырғыз азаматтарының 90 күн визасыз Қазақстанда болуын қамтамасыз ету жөнінде Қырғызстан жағынан ұсыныс келіп түсті. Біз арадағы стратегиялық қатынастар туралы келісімді ескер отырып бұл ұсынысты қабылдаймыз», — деді Н. Назарбаев.

«Мигранттар кездесіп отырған қалған проблемалар министрліктер деңгейінде шешіледі», — деп толықтырды Елбасы.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, екі елдің шекара қызметтері саясаттарын өзгертіп, адамдардың шекарадан өтуіне кедергі келтірмеулері қажет екендігін атап көрсетті. «Әрине, шекара арқылы өтетін лаңкестік, экстремизм, есірткі тасымалы сияқты проблемалар баршылық. Біз олармен күресуге тиіспіз. Мұнда екі елдің құқық қорғау органдары жұмыла жұмыс істеулері қажет», — деді ол.

«Тексеру тек осы мәселелер бойынша болуы керек. Әйтпесе, біздің шенеуніктеріміз әртүрлі сылтаулармен бәрін тексереді. Екі жақты да ретке келтіріп, осы проблеманы толығымен шешкен жөн», — деп сөзін түйді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті