Атырауда бекіре тауарының фермасы салынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда бекіре тауарының фермасы салынбақ

Атырауда бекіре тауарының фермасы салынбақ

Атырау. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Атырауда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация аясында бекіре тауарының фермасы салынады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ сілтеме жасай отырып.

  • 18 Сәуiр 2008
  • 534
Фото - Caravan.kz

«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Болат Палымбетовтың мәліметтеріне сүйенсек, бекіре тауарының фермасы құру бастамасын көтерген «Нұр» шаруа қожалығы. Оның айтуынша, жоба мақсаты — бекіре тұқымдас балықтардың табиғи көбеюіне қысымды төмендету және Каспий теңізінің жан-жануарлар әлемінің сақталуы, сондай-ақ, балық тауары мен азықтық уылдырық алу.

Ферма Атырау қаласынан 7 шақырым жердегі Еркінқала ауылында құрылмақшы. Жоба құны 107 млн теңге. Жоба жүзеге асырылса жылына 85 мың тонна бекіре тұқымдасты алу жоспарланып отыр.

«Ыңғайлы орында орналасуы, инженерлік желілер мен шикізаттық базаның жақындығы, мамандармен қамтамасыз етілуі жобаның артықшылығы болып табылады. Ең бастысы — мемлекеттің аталмыш салаға қолдау көрсетуінде жатыр. 2007-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының балық шаруашылығының даму концепциясы қабылданды», — деп хабарлады Б. Палымбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті