Шымкентте мемлекеттік университеттің әйел оқытушысы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте мемлекеттік университеттің әйел  оқытушысы ұсталды

Шымкентте мемлекеттік университеттің әйел оқытушысы ұсталды

Шымкент. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеттің әйел оқытушысы заңсыз сыйақы алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды агенттік Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Сәуiр 2008
  • 527
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қаржы полициясына Оңтүстік Қазақстан облыстық М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетінің 4 курс студенті шағымдана келген. Ол оқытушы әйелдің дипломдық жобаны алу үшін 50 мың теңге талап еткенін хабарлаған.

«15 сәуірде оперативтік іс-шара кезінде қаржы полициясының қызметкерлері осы университеттің операторын 48 мың теңгені алып жатқан кезде қолға түсірді, ақша әлгі оқытушы әйелге берілуге тиіс болған», -делінген хабарламада.

Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытованың айтуынша, қазір 45 жастағы әйелдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің заңсыз сыйақы алу жөніндегі 224-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті