Еуропалық қайта құру және даму банку Шымкент әуе жайының күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу мәселесін қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропалық қайта құру және даму банку Шымкент әуе жайының күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу мәселесін қарастыруда

Еуропалық қайта құру және даму банку Шымкент әуе жайының күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу мәселесін қарастыруда

Шымкент. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Еуропалық қайта құру және даму банкінің бизнес тобының басшысы Томас Майер, аға банкир Ульф Хиндстром және жетекші банкир Екатерина Мирошник әуе жайдың жұмыстарымен танысу үшін Шымкентке келді. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 18 Сәуiр 2008
  • 793
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының (ӘКК) Шымкенттің әуе жайын халықаралық талаптарға сай жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде жобасын қолға алып жатыр. ЕҚДБ қызметкерлері бұл жобаға қатысуға ниет танытты.

«Жоба бойынша бірінші кезекте арнайы техника паркінің жаңартылуы қолға алынбақшы. Сондай-ақ, жүк рейстеріне қызмет көрсететін жалпы көлемі 4000 шаршы метрге жететін жүк терминалының құрылысы, сағатына 350 жолаушыға қызмет көрсетуге есептелген 4500 шаршы метр әуе вокзалы кешенінің құрылысы салынады «, — дейді баспасөз қызметі.

ЕҚДБ бизнес тобының басшысы Т. Майер атап өткеніндей, Шымкенттің әуе жайының жалпы жағдайы жаман емес және мүмкіндіктері бар.

«Былтырғы жылы ұшырылым -қондыру жол торабы жөнделгеннен кейін, бірқатар параметрлер өзгертілді. Біз ӘКК жетекшілерімен тәуелсіз сарапты өткізу жөнінде мәселесін тақыладық. Оны халықаралық компаниясы жүргізетін болады. Кеңесшілердің жасаған қорытындысына байланысты жобаға қатысу жөнінде шешім қабылданады. Біз бұл жобаға қатысуға ниет танытып отырмыз, кеңесшілердің қорытындылады оны жүзеге асыруға мүмкінді береді деген сенімдеміз. Бірінші кезекте халықаралық талаптарға сәйкес әуежайда қызмет көрсету үшін арнайы техника сатып алынады «.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, үкіметтің шешімі бойынша»Оңтүстік» ӘКК «Шымкент» АҚ мемлекеттік активтерінің 100 % берілді.

Бүгінгі кезде халықаралық «Шымкент» әуе жайы тәулік бойы жұмыс істейді және онда кедендік, шекаралық және санитарлық -карантиндік бақылаулары бар.

«В» класына жататын аэродром алты түрлі жолмен жабдықталып, онда 22 аялдама орнатылған. Оның оны стационар тоқ көзінен жұмыс істейді. Әуе жайы Ил-62, АН-124, Ил-76, Ту-154, Боинг-747 сияқты ұшақтарды қабылдай алады. Әуежайда 400 адам қызмет атқарады.

Еуразиялық көлік жүйесіне Қазақстанның көлік кешенінің ықпалдасуы жөніндегі Транспорттық стратегиясына сәйкес көлік жүйесінің бәсекелестігін көтеру және бұл саланы дамыту мақсатында әуежайдың күрделі жөндеу жұмыстары жөнінде жоба дайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті