Тәжікстанда Ауғанстаннан тасымалданбақшы болған ірі көлемде есірткі тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда Ауғанстаннан тасымалданбақшы болған ірі көлемде есірткі тәркіленді

Тәжікстанда Ауғанстаннан тасымалданбақшы болған ірі көлемде есірткі тәркіленді

Душанбе. 18 сәуір."Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанның шегарашылары Ауғанстаннан тасымалданбақшы болған ірі көлемде есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды агенттік Тәжікстанның "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 18 Сәуiр 2008
  • 483
Фото - Caravan.kz

Шегара ведомствосының ақпараты бойынша, Хамадони шегара отрядының аумағында таң ата шегара күзеті ауыстырылып жатқанда, шегарада білгісіз біреудің келе жатқаны байқалды.

«Шегараны заңсыз өткен адам күзеттің талабын орындамай қарудан ата бастаған. Шегарашылар басқа амал болмағандықтан оған қарсы оқ атқан. Белгісіз адам көрші территориясында жасырынып қалды. Шегарашылар атыс болған жерде 30 келі героин салынған дорбаны тапқан», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Шұғыл іздестіру жұмыстары кезінде сол күні Хатлон облысының Пәнжі ауданы бойынша ҰҚК бөлімінің қызметкерлері мен Пәнді шегара отрядының шегарашылары бірлесе отырып есірткі қоймасын тапқан. Ол жерден 10 келі героин, РГД-5 жарылғыш заты бар 20 гранат, Калашников автоматының 7 оқсалғышы, 3 тротил шашкасы мен көп көлемде оқтар тәркіленді.

Жыл басынан бері Тәжікстан шегарашылары заңсыз айналымнан 366 келі есірткіні тәркіледі, оның 84 келісі героин болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті