ҚР Білім және ғылым министрлігі сейсмология институтының мәліметінше, 20 сәуірде 19 сағат 15 минутта Қазақстан аумағында энергетикалық классы 12,5 болып табылатын жер асты дүмпуі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 530 шақырымда, ҚХР (Шүршіттау) аумағында тіркелген.
ҚР ТЖМ Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жер асты дүмпулері Шығыс Қазақстан облысында — Ұзынбұлақ пен Қарабұлақта — 5 балл, Алматы облысында — Көктума, Тоқжайлау мен Үшаралда — 3-4 балл қуатпен сезілді.
Құрбан болғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті