Дамушы елдердің "әлсіздік" рейтингінде Қазақстан 89 орында - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дамушы елдердің "әлсіздік" рейтингінде Қазақстан 89 орында

Дамушы елдердің "әлсіздік" рейтингінде Қазақстан 89 орында

Алматы. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Дамушы елдердің "әлсіздік" рейтингінде Қазақстан 89 орында тұрақтаған. Сәуір айының басында АҚШ-тың Brookings Institution зерттеу орталығы жариялаған дамушы елдердің рейтингісінде осылай көрсетілген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Сәуiр 2008
  • 581
Фото - Caravan.kz

Зерттеуге сәйкес, дүниежүзінің 141 мемлекетінің ішінде Түркіменстан мен Өзбекстан тиісінше 35 және 36 орындарда орналасқан.

Көмірсутегіге бай екі Орта Азия мемлекеті Американың зерттеу орталығының болжауына сүйенсек, өңірдің ең әлсіз мемлекеттеріне жатқызылған. Шолушылардың пайымдауынша, бұл бірінші кезекте мемлекеттік басқарудың нашарлығымен және авторитарлық басқару жүйесімен байланысты.

Сомали мен Ауғанстан бастаған бұл тізімде көршілес Орта Азия елдері Қазақстан мен Қырғызстан 89 және 73 орындарға жайғасқан.

Аталмыш индекстер әрбір елдегі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштер мен қоғамдық саяси климатқа, билік жұмысының тиімділігіне, оның ашықтығы мен жауаптылығына негізделеді.

NBCA сауал қойған жергілікті шолушылар Өзбекстан мен Түркіменстандағы шенеуніктердің сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқанына, саяси еркіндіктің жетіспеушілігіне, өмір үру деңгейінің төмендігіне көрсете отырып шетел сарапшыларының осылай бағалағанымен келіседі.

NBCA — бүкіл өңірдегі көптеген шолушылар қатысқан Орта Азия елдері бойынша жаңалықты сараптамадан өткізу және түсініктеме берудің көптілді қызметін құру бойынша IWPR жобасы болып табылады. Жоба 2006 жылдың тамызынан 2007 жылдың қыркүйек айына дейін іске асырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті