Шымкентте 1 мамырдан бастап судың бағасы 10% көтеріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 1 мамырдан бастап судың бағасы 10% көтеріледі

Шымкентте 1 мамырдан бастап судың бағасы 10% көтеріледі

Шымкент. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте 1 мамырдан бастап су мен канализацияның тарифтері 10% көтеріледі. Бұл туралы агенттік тілшісіне ОҚО бойынша табиғи монополияны реттеу агенттігі басқармасының бөлім бастығы Салима Бопова хабарлады.

  • 21 Сәуiр 2008
  • 500
Фото - Caravan.kz

» 1 мамырдан бастап бір текше метр судың құны ҚҚС қоса есептегенде 35 тенге 40 тиынды құрайды, ал сол көлемдегі канализацияның тарифі 12 теңге 70 тиын деңгейінде болады. Жалпы тариф 48 теңге 10 тиынды құрайды», — деп хабарлады С. Бопова.

Шымкентте бұған дейін су мен канализацияның тарифтері 43 теңге 75 тиын болған.

С. Бопованың берген ақпараты бойынша, табиғи монополиялар жөніндегі агенттігінде электр қуатын 9 теңге 14 тиынға дейін көтеру жөнінде арыз талқылануда. «Алайда, бұған қатысты ешқандай шешім қабылданбады, өйткені электр қуатын шығаратын кәсіпорындар оны қандай бағамен беретіндігі әлі белгісіз «, — деп түсіндірді С. Бопова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті