Сапар сәуірдің 22-23 жұлдызына межеленген.
Е. Ашықбаевтың айтуынша, «сапар барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ, өңірлік проблемалар саласындағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету жайын талқылау межеленген».
Ресми мәліметке сәйкес, екі ел арасындағы тауар айналымы 2007 жылы $1,4 млрд, 2006 жылы $703 млн болған.
«Бұл екі жақты тауар айналымының кейінгі екі жылда екі есе өскенін көрсетеді», — деді Е. Ашықбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті