Қазақстандықтар халықтар бірлігі мерекесінде үш күн демалады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар халықтар бірлігі мерекесінде үш күн демалады

Қазақстандықтар халықтар бірлігі мерекесінде үш күн демалады

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2008 жылғы мамырда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының үкіметі демалыс күнін 2008 жылғы 4 мамыр жексенбіден 2008 жылғы 2 мамыр жұмаға ауыстыру туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы агенттікке үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 21 Сәуiр 2008
  • 457
Фото - Caravan.kz

«Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2008 жылғы 2 мамырда жұмыс жүргізуге құқық берілген»,- делінген хабарламада.

Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті