ОҚО пара алды деген күдікпен мектеп директоры ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО пара алды деген күдікпен мектеп директоры ұсталды

ОҚО пара алды деген күдікпен мектеп директоры ұсталды

Шымкент. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Отырар ауданындағы мектептердің бірінің директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ОҚО сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаментінің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова хабарлады.

  • 21 Сәуiр 2008
  • 592
Фото - Caravan.kz

«Отырар ауданындағы мектептердің бірінің директоры жергілікті тұрғынды бухгалтерлік жұмысқа орналастыру үшін 50 мың теңгені талап еткен», -деді Ж. Мамытова.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша 45 жастағы мектеп директоры ақшаны алған кезде құрықталды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті