Астанада тосын оқиға салдарынан бір жұмысшы қаза болып , үшеуі жарақаттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада тосын оқиға салдарынан бір жұмысшы қаза болып , үшеуі жарақаттанды

Астанада тосын оқиға салдарынан бір жұмысшы қаза болып , үшеуі жарақаттанды

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астанада тосын оқиға салдарынан бір жұмысшы қаза болып үшеуі жарақаттанды, деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 415
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Астанада салынып жатқан «На водно-зеленом бульваре» тұрғын үй кешенінде («Базис-А»ЖШС) 21 сәуірде 10 сағат 02 минутта құрылыс жұмыстары кезінде үшінші қабаттан 25 жасар жұмысшы құлап, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар, ТЖМ ақпараты бойынша салынып жатқан «ВЭН» ЖШС перзентханасы аумағында (әуе жайы бағытындағы 8 шақырым жолында) 21 сәуірде 22 сағат 10 минутта бетон қоспасы берілген кезде шығарылатын тіреуіш жер қыртысының ішіне кіріп кетуі салдарынан шығыран аударылып кетті.

Төтенше оқиғаның салдарынан 26 жастағы жұмысшы оқиға орнында көз жұмды, ал 24 және 26 жастағы екі адам түрлі жарақаттармен ауруханаға таңылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті