Қазақстанда биылғы жылдың бірінші тоқсанында тұтынылған электр қуатының көрсеткіші оны өндіру көлемінен асып түсті - Мыңбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда биылғы жылдың бірінші тоқсанында тұтынылған электр қуатының көрсеткіші оны өндіру көлемінен асып түсті - Мыңбаев

Қазақстанда биылғы жылдың бірінші тоқсанында тұтынылған электр қуатының көрсеткіші оны өндіру көлемінен асып түсті - Мыңбаев

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда биылғы жылдың бірінші тоқсанында тұтынылған электр қуатының көрсеткіші оны өндіру көлемінен асып түсті. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 381
Фото - Caravan.kz

«2007 жылы өндірілген электр қуатының көлемі 76,4 млрд кВт-с жетіп, оның 76,3 млрд кВт-с тұтынылды. Өсім мөлшері 6,9% және 6,5% құрады», — деп хабарлады С. Мыңбаев.

«Электр қуатының тұтынылған және шығарылған тепе-теңдігі өтіп бара жатқан күзгі-қысқы кезеңінде елде қуат резервтерінің жоқтығын білдіреді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 22,8 млрд кВт-с өндіріліп, оның 23 млрд тұтынылды. Өсім мөлшері 6,9% және 9% құрады», деді ол.

«Сөйтіп, жылдың басынан тұтыну көлемі өндіру көрсеткішінен асып түсті. Сондай-ақ, Жамбыл ГЭС бұдан бұрын тек күзгі-қысқы кезеңінде ғана қосылып отырды дегенді ұмыту керек, бұл станция жыл бойы жұмыс істейді», -деп атап өтті министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті