Қазақстанда биылғы жылдың бірінші тоқсанында тұтынылған электр қуатының көрсеткіші оның өндіру көлемінен асып түсті - Мыңбаев (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда биылғы жылдың бірінші тоқсанында тұтынылған электр қуатының көрсеткіші оның өндіру көлемінен асып түсті - Мыңбаев (толықтырылған нұсқа)

Қазақстанда биылғы жылдың бірінші тоқсанында тұтынылған электр қуатының көрсеткіші оның өндіру көлемінен асып түсті - Мыңбаев (толықтырылған нұсқа)

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда биылғы жылдың бірінші тоқсанында тұтынылған электр қуатының көрсеткіші оның өндіру көлемінен асып түсті. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 443
Фото - Caravan.kz

«2007 жылы өндірілген электр қуатының көлемі 76,4 млрд кВт-с жетіп, оның 76,3 млрд кВт-с тұтынылды. Өсім мөлшері 6,9% және 6,5% құрады», — деп хабарлады С. Мыңбаев.

» Елде өтіп бара жатқан күзгі-қысқы кезеңінде электр қуатының тұтынылған және шығарылған тепе-теңдігі қуат резервтерінің жоқтығын білдіреді.. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 22,8 млрд кВт-с өндіріліп, оның 23 млрд тұтынылды. Өсім мөлшері 6,9% және 9% құрады», деді ол.

«Сөйтіп, жылдың басынан тұтыну көлемі өндіру көрсеткішінен асып түсті. Сондай-ақ, Жамбыл ГЭС бұдан бұрын тек күзгі-қысқы кезеңінде ғана қосылып отырды дегенді ұмыту керек, бұл станция жыл бойы жұмыс істейді», -деп атап өтті министр.

«Тепе-теңдік болжамына сәйкес, Қазақстан бойынша алдағы күзгі-қысқы кезеңінде электр қуатының тапшылығы 200 МВт сағатты құрайды. Тапшылық әсіресе оңтүстікте қатты сезіледі. Ал бізде және көршілерімізде шығарылып жатқан қосымша қуат резервтері жоқ».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті