Алматыда 14 жастағы жасөспірімді өлтірген күдікті ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 14 жастағы жасөспірімді өлтірген күдікті ұсталды

Алматыда 14 жастағы жасөспірімді өлтірген күдікті ұсталды

Алматы. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 14 жастағы жасөспірімді өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 339
Фото - Caravan.kz

Алматы тәртіп сақшылары 9-наурызға қараған түні қаза тапқан жетінші сынып оқушысын өлтірген күдіктіні бір айдан бері іздестіріп жатқан. Сол күні қаладағы бір интернаттың тәрбиеленушісі ағайының үйіне қонаққа келеді. Түнгі сағат 11-де жасөспірім досымен бірге дүкенге барған.

«Жасөспірімдердің жолын бір белгісіз бозбала кес-кестеген. Бала досын итеріп жіберіп, оған қашуды бұйырады. Ал өзі пышақпен қаруланған бұзақының қолына түсіп қалған», -дейді Алматы қалалық ІІД криминалдық полициясы басқармасының тұлғаға қарсы жасалған қылмыстарды ашу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Серік Дәулетбаев.

Оның айтуынша, «бәкінің жүзі жасөспірімнің жүрегіне тиген. Дүкен қызметкерлері жедел жәрдем шақырған. Бірақ баланы құтқару мүмкін болмай, ол қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінде қайтыс болды».

«Кісі өлтіру оқиғасының жалғыз куәгері (баланы досы) бірнеше күн бойы өз-өзіне келе алмады. Бала шабуылшыны суреттеп бере алмады. Кісі өлімін тексеруге оқиға орнына таяу жерде бұталардың ішінен табылған пышақ қана көмек болды. Сарапшылар пышақ сабындағы саусақ іздерінің иесі кім екенін анықтады. Ол қылмыс болған маңда тұратын 18 жастағы жігіт екені анықталды. Күдікті ол кезде қашып кеткен еді. Алайда, біз оны тауып, айыптауға мүмкіндік алдық», — деді С. Дәулетбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті