Қырғызстанда "Ганси" әуе базасындағы американдықтар мен коалициялық күштердің басқа да мүшелерін елден шығаруды талап еткен шара болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда "Ганси" әуе базасындағы американдықтар мен коалициялық күштердің басқа да мүшелерін елден шығаруды талап еткен шара болып өтті

Қырғызстанда "Ганси" әуе базасындағы американдықтар мен коалициялық күштердің басқа да мүшелерін елден шығаруды талап еткен шара болып өтті

Бішкек. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бішкекте Қырғызстан парламенті ғимараты қасында республика территориясынан "Ганси" әуе базасындағы американдықтар мен коалициялық күштердің басқа да мүшелерін шығаруды талап еткен шара өткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 467
Фото - Caravan.kz

Акцияны Қырғызстанның коммунистік партиясы, Серги Радонежский қоры, «Айкөл Манас» және Қырғызстан территориясынан «Ганси» әуе базасын шығару жөніндегі үйлестіру кеңесі ұйымдастырды.

«Қырғызстан бүгінде ауыр кезеңді басынан өткізуде. Солтүстік Атлантикалық Альянсы мемлекеттері Шығысқа қарсы кең көлемді агрессиялық жолын бастады. Ұлттық мүдделер мен дұрыс пікірге құлақ салсақ, біз қырғыз жерінде Солтүстік Атлантикалық Альянстың әскери базаларының орналуына қарсы шығып,оларға «жоқ» деуіміз керек «, -деп мәлімдеді митингте ҚР коммунистік партиясының төрайымы Клара Әжібекова.

Акция қатысушылардың пікірі бойынша, Қырғызстан » АҚШ тұтқынына айналып барады және бүгінгі митинг Қырғызстан халқының өз елінде әуе базаларын орналастыруға қарсы күресі болып табылады».

Бұдан бұрын хабарланғанындай, өткен жылдың жазында елде американдық әскери күштерінің Қырғызстанда орналасуына қарсы бірқатар наразылық шаралар өткізілді. Шараға қатысушылар әскерді елден шығарумен бірге Қырғызстан азаматы Александр Ивановты атып өлтірген американдық әскери қызметкерін қылмыстық жауапқа тартып, қаза болған азаматтың жұбайына материалдық шығынды төлеу жөнінде талабын қойған.

Өткен жылы өткізілген шараларда «Иракқа қарсы соғысқа жол жоқ!» «Үстімізде бейбіт аспаны болсын», «Бізге таза ауа қажет», «Қырғызстан соғыстардың плацдармы емес», «Қанішер сарбазды жауап тарту», сияқты ұрандар болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті