2008 жылы Өзбекстаннан Қазақстанның ішкі нарығына газ шығару 20%-ға артады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылы Өзбекстаннан Қазақстанның ішкі нарығына газ шығару  20%-ға артады

2008 жылы Өзбекстаннан Қазақстанның ішкі нарығына газ шығару 20%-ға артады

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы Өзбекстаннан Қазақстанның ішкі нарығына газ шығару 20%-ға артады. Бұл туралы еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев бүгін өткен үкіметтің отырысында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 365
Фото - Caravan.kz

«2008 жылы ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету үшін «»ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ, «Газпром» мен «Өзбекмұнайгаз» арасында СВОП-операциялары арқылы 5 млрд текше метр көлемінде газ беру жөнінде келісім жасалды, бұл 2007 жылғыдан 20% артық», — деді С. Мыңбаев.

Оның мәліметінше, Қазақстан үшін жылдың бірінші жартысында газ бағасы былтырғы жылғы деңгейде қалады. «Бірақ жылдың екінші жартысында бұл баға қымбаттап, бір текше метріне шамамен $25 жетеді», — деді министр.

«Ал күз-қыс маусымында «ҚазТрансГаз» АҚ өзінің жер асты газ қоймаларына 765 млн текше метр табиғи газ сақтамақшы», — деді С.Мыңбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті