Әлем аса қауіпті қаржы дағдарысының алдында тұр - Сорос - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем аса қауіпті қаржы дағдарысының алдында тұр - Сорос

Әлем аса қауіпті қаржы дағдарысының алдында тұр - Сорос

Алматы. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүкіл дүниежүзі өте қауіпті қаржы дағдарысының алдында тұр. Бұл туралы өткен бейсенбі күні Брюссельдегі Еуропа саяси зерттеулер орталығында жасаған баяндамасында аты әлемге әйгілі Америка қаржыгері Джордж Сорос ескертті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 545
Фото - Caravan.kz

«Мен осы қаржы дағдарысын қазіргі ұрпақ көрген ең қауіпті қаржы дағдарысы деп есептеймін», — деп мәлімдеді 77 жастағы Дж. Сорос. Ол бүкіл дүниежүзінің қаржы жүйесі айтарлықтай бүлінгенін атап өтті.

Сондай-ақ, қаржыгер алдыңғы қатарлы батыс елдерінің үкіметтері мен реттеуші қаржы органдары 1930-жылдардағыдай Ұлы депрессияға жол бермейтінін көрсетіп үлгергенін мойындады.

Дж. Сорос сонымен бірге, әлемдік тауар нарығында табиғи ресурстарға деген сұраныс дүрлігуі жалғасып жатқанын атап көрсетті. «Шикізат пен астық тұқымдастар қазір активке айналып кеткен. Мұны қаржы институттары жан-жақты пайдаланып қалуда», — деді қаржыгер. Ол шикізат тауарларының бағасы әлемдік нарықта қатарынан жетінші жыл өсіп отырғанын атады.

Ресурстық тауарлармен байланысты қаржы активтері қазіргі уақытта акция мен облигацияға қарағанда зор табыс әкелуде. Нәтижесінде оларды алдыңғы қатарлы батыс елдерінің зейнетақы қорлары секілді ірі қаржылық құрылымдар жыл өткен сайын артығымен сатып алуда, деп атап көрсетті Дж. Сорос.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті