Қазақстан Өзбекстанның Орта Азия өңіріндегі маңызды серіктесі - Кәрімов - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Өзбекстанның Орта Азия өңіріндегі маңызды серіктесі - Кәрімов

Қазақстан Өзбекстанның Орта Азия өңіріндегі маңызды серіктесі - Кәрімов

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Өзбекстанның Орта Азия өңіріндегі маңызды серіктесі. Бұл туралы кеше Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамда өткен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Сәуiр 2008
  • 448
Фото - Caravan.kz

«Өзбекстанда, бірінші кезекте, біздің өңірдегі маңызды және ірі серіктесіміз болып табылатын ең жақын мемлекет — Қазақстанмен арадағы қатынастардың дамуы мен тереңдеуін жоғары бағалайды және айрықша назар салады», — деді И. Кәрімов.

Бұл ретте ол Орта Азия өңіріндегі тұрақтылық, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы Қазақстан мен Өзбекстан елдеріне артылған жауапкершілікті тараптар жақсы түсінетінін атап өтті.

Өзбекстан президенті сондай-ақ, пікір алмасумен және Қазақстан басшысы тарапынан болған түсіністікке қанағаттанатынын жеткізді.

«Іс жүзінде біздің елдеріміз, өңір үшін ортақ болып отырған мәселелер бойынша пікір алмасу мен үшін маңызды», — деп толықтырды И. Кәрімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті