Түркіменстан президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-сессиясының саммитіне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркіменстан президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-сессиясының саммитіне қатысады

Түркіменстан президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-сессиясының саммитіне қатысады

Ашхабад. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке жолдаған биыл 25 қыркүйекте Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-сессиясы аясындағы мемлекет басшыларының саммитіне қатысу жөніндегі шақыртуын БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Срджан Керим табыс етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Сәуiр 2008
  • 469
Фото - Caravan.kz

«Түркіменстан халықаралық қоғамдастық істеріне өзінің қатысуына қатысты белсенді ұстанымды көрсетіп отыр. Оған Түркімен басшысының қырағы да қажырлы саясаты ықпал етіп отыр. Бұл өңірдегі тұрақтылықтың маңызды факторы болып табылады», — деп мәлімдеді келіссөздер барысында С. Керим.

Ол реформа жүгізудегі Түркіменстанның табыстарын атады және өзінің барлық игілікті бастамаларында Түркіменстан БҰҰ қолдауына сүйене алады деп мәлімдеді.

Г. Бердімұхамедовтың айтуынша, орасан зор ресурсқа және экономикалық әлеуетке ие Түркіменстан бұл әлеуетті бүкіл адамзатқа қызмет еткізуге ұмтылып отыр. «Біз бүкіл дүниежүзімен және бірінші кезекте өңірдегі көршілерімізбен конструктивті диалогты дамытамыз», — деді президент және де Түркіменстан үнемі экономикасын жаңғыртуға және бейбіт өмір қалыптастыруға іс жүзінде қолдау көрсетіп отырған Ауғанстанды мысалға келтірді.

Түркіменстанның өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздік негіздерін нығайтуға қосқан үлесін, Ауғанстанға қатысты жарқын саясатын атап өте келе С. Керим БҰҰ Түркіменстанды Орта Азиядағы өзінің негізгі стратегиялық серіктесі ретінде қарастыратынын айтты. Ашхабадта Біріккен Ұлттар Ұйымының ескертпелі дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының ашылуы осыған дәлел бола алады.

Кездесу барысында тараптар сондай-ақ, Ашхабадтың энергетикалық қауіпсіздік саласындағы ұсыныстарын талқылады. Атап айтқанда, Г. Бердімұхамедовтың хабарлауынша, Түркіменстан БҰҰ-ның халықаралық құбыр желілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі конвенциясын талқылау бойынша белсенді жұмысқа кіріседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті