Мәжіліс "ЕурАзЭҚ аясында біртұтас кедендік аумақ пен кедендік одақ құру туралы келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "ЕурАзЭҚ аясында біртұтас кедендік  аумақ пен кедендік одақ құру туралы келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "ЕурАзЭҚ аясында біртұтас кедендік аумақ пен кедендік одақ құру туралы келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "ЕурАзЭҚ аясында біртұтас кедендік аумақ пен кедендік одақ құру туралы келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Сәуiр 2008
  • 466
Фото - Caravan.kz

«Келісімнің 2 бабында кедендік одақтың жоғарғы органы болып табылатын мемлекеттік кеңес тізімде көрсетілген шаралар аяқталған соң тараптардың аумағын біртұтас кедендік аумаққа біріктіру және кедендік одақты құрып аяқтау туралы шешім қабылдайды», — делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

«Біртұтас кедендік аумақ құру өзара сауда-саттықта тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз етіп, кедендік одақтың үшінші елдермен сауда-саттық жүргізуіне қолайлы жағдай жасайды, сондай-ақ, тараптардың экономикалық интеграциясын дамытуды қамтамасыз етеді», -делінген қорытындыда.

Құжатта атап көрсетілгеніндей, » біртұтас кедендік аумақ құрылған сәттен бастап тараптар өзара сауда-саттықта кедендік баж салықтарын, сандық шектеулер мен басқа да соған парапар шараларды қолданбайды».

Бұл ретте «тараптар қоғамдық мораль, адамның өмірі мен денсаулығы, хайуанататр мен өсімдіктерді, қоршаған табиғи орта мен мәдени құндылықтарды қорғау шараларын, осындай тыйым немесе шектеу шаралары ақтауға келмейтін алалау немесе саудаға жасырын шектеу қою құралы болып табылмаған жағдайда өзара сауда-саттықта қорғаныс, демпингіге қарсы және компенсациялық шараларды, сондай-ақ, экспорт немесе импортты шектеу және тыйым салу шараларын қолдануға ешкім де кедергі жасамайды «.

Келісімге 2007 жылдың 6 қазанында Душанбеде ЕурАЗЭҚ-ты құру жөніндегі келісімнің аясында қол қойылды.

Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті