Орыс православиелік шіркеуі Алматы әуежайында христиандар мен мұсылмандарға арнап сиыну бөлмелерін ашуды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орыс православиелік шіркеуі Алматы әуежайында христиандар мен мұсылмандарға арнап сиыну бөлмелерін ашуды ұсынады

Орыс православиелік шіркеуі Алматы әуежайында христиандар мен мұсылмандарға арнап сиыну бөлмелерін ашуды ұсынады

Алматы. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Орыс православиелік шіркеуі Алматы әуежайында христиандар мен мұсылмандарға арнап сиыну бөлмелерін ашуды ұсынады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Сәуiр 2008
  • 386
Фото - Caravan.kz

«Біз бұл мәселені мұсылман бауырларымызбен бірлесе талқылауымыз қажет. Әуежайда ұшу алдында немесе одан кейін мұсылмандар кіріп дұға оқитын , ал оның жанында првославиелік діндарлар үшін де сиыну бөлемі болса жақсы болар еді», — деді Астана және Алматы митрополиті баспасөз мәслихатында.

Митрополиттің айтуынша, бұл мәселе бұрын Алматы әкімі болған Виктор Храпуновпен талқыланған, бірақ ол нәтижеге жетпей қалды. Енді шіркеу осындай ұсыныспен қаланың жаңа басшылығына шықпақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті