Шығыс Қазақстан облысында бір аптада балық аулау және балық қорын қорғау ережелерін бұзуға қатысты 73 оқиға анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында бір аптада балық аулау және балық қорын қорғау ережелерін бұзуға қатысты 73 оқиға анықталды

Шығыс Қазақстан облысында бір аптада балық аулау және балық қорын қорғау ережелерін бұзуға қатысты 73 оқиға анықталды

Семей. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында рейд шаралары кезінде бір аптада балық аулау және балық қорын қорғау ережелерін бұзуға қатысты 73 оқиға анықталды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық ІІД табиғат қорғау және мал дәрігерлік полициясының бөлім бастығы Батырхан Сүлейменов хабарлады.

  • 23 Сәуiр 2008
  • 380
Фото - Caravan.kz

«Шығыс Қазақстан облысында ішкі істер органдары балық инспекциясымен бірлесіп бір аптада 56 рейд жүргізіп, 84 заң бұзушылықты анықтады», — деді Б. Сүлейменов.

«Балық аулау және балық қорын қорғау ережелерін бұзуға байланысты 73 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 255 мың теңгенің айыппұлы салынып, 210 мың теңге өндіріп алынды», -деді Б. Сүлейменов.

Балық аулау және балық қорын қорғау ережелерін өрескел бұзуға байланысты 11 іс сотқа жіберілді. Нәтижесінде соттар 35 мың теңгенің айыппұлын салып, 23 мың теңгені өндіріп алды.

Б. Сүлейменовтың ақпаратына сәйкес, рейдтер нәтижесінде 71 килограмм заңсыз ауланған балық, резеңке қайық, 10 шақырымнан астам ұзындығы бар 16 ау тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті