Ақтөбеде оқ тиген екі әскери ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде оқ тиген екі әскери ауруханаға жатқызылды

Ақтөбеде оқ тиген екі әскери ауруханаға жатқызылды

Ақтөбе. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде әскери борышын шартпен атқаратын 6655 санды бөлімшенің оқ тиген екі әскері ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Сәуiр 2008
  • 401
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, әскерилер қаладағы «Ұлпан» дәмханасының маңында оқ тиіп жараланған, оларға белгісіз біреулер шабуыл жасаған.

«Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу барысында осы қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде екі жігітті ұстады, олардың бірі — жергілікті тұрғын болса, екіншісі — Қызылорда облысының тумасы», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазір осы дерек боййынша ҚР Қылмыстық кодексінің қару қолданып жасаған бұзақылық жөніндегі 257-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Шолақ мылтық тәркіленіп, бір күдікті қамауға алынды, екіншісі ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатылды, қылмыстың себептері анықталуда», -деп хабарлайды ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті