Қазақстан үкімет басшысы Әзербайжанның экономикалық даму министрімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкімет басшысы Әзербайжанның экономикалық даму министрімен кездесті

Қазақстан үкімет басшысы Әзербайжанның экономикалық даму министрімен кездесті

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Әзербайжан Республикасының Экономикалық даму министрі Гейдар Бабаевпен кездесті, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Сәуiр 2008
  • 422
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тараптар екі жақты қазақстан-әзірбайжан сауда-экономикалық және өңірлік ынтымақтастығының кейбір мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Г. Бабаев Қазақстан үкіметінің басшысын бүгін аяқталған қазақстан-әзербайжан үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысының қорытындыларынан хабардар етті.

«Әлемде болып жатқан ұқсас экономикалық құрылымдар мен процестерге деген көзқарастар кезінде, біз қазіргі заманғы проблемаларға қарсы күресте тәжірибе бөлісіп, тығыз өзара іс-қимыл жасауымыз қажет. Біздің өзара қарым-қатынастарымызда проблема жоқтығына қуанамын. Дегенмен, қиындықсыз шешімін табатын кейбір мәселелер бар», — деп түйіндеді сөзін Г. Бабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті