Қазақстанда жыл сайын дамуында түрлі ақаулары бар 4 мыңнан астам бала туады - денсаулық сақтау министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жыл сайын дамуында түрлі ақаулары бар 4 мыңнан астам бала туады -  денсаулық сақтау министрі

Қазақстанда жыл сайын дамуында түрлі ақаулары бар 4 мыңнан астам бала туады - денсаулық сақтау министрі

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жыл сайын дамуында түрлі ақаулары бар 4 мыңнан астам бала туады. Бұл туралы еліміздің денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой ҚР президентінің жанындағы денсаулық қорғау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Сәуiр 2008
  • 524
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанда дүниеге келген әрбір 1000 баланың төртеуі түрлі ақаулармен туады. Жалпы алғанда жыл сайын 4 мың бала дамуындағы түрлі ақаулармен дүние есігін ашады», — деді министр. Оның нақтылауынша, елімізде жыл сайын 300 мыңнан астам сәби, оның 5% шала туады.

Министрліктің ағымдағы жылдың қаңтар айындағы мәліметінше, республикада мүгедектік тіркеуінде 43 472 бала, яғни, еліміздегі балалардың 1,2% тұр.

А. Дерновойдың айтуынша, барлық мүгедектер, соның ішінде балалар тегін әрі кепілді медициналық көмек аясына қамтылған. «Ақысыз медициналық кепілді көмек ауқымы жыл өткен сайын қайта қаралып, өсе түсуде», -деді ол. Мәселен, кейінгі бес жылда ана мен баланы қорғауға бөлінетін шығындар 5 еседен астам өсіп, 8 млрд теңгеден 45 млрд теңгеге жетті. Министрдің айтуынша, 2008 жылы 59 млрд теңгеден астам көлемде шығындар жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті