«Алматы полициясы аса қауіпті бірнеше қылмыскерді тұтқындады. Олардың қатарында Әндіжан қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктердің белсенді қатысушысы бар», — деп хабарлады баспасөз қызметі. Өзбекстанның құқық қорғау органдарының мәліметтеріне сүйенсек, Әндіжандағы лаңкестік акциялар мен жаппай тәртіпсіздіктердің белсенді қатысушысы Қылмыстық кодекстің қатарынан 8 бабы бойынша айыпталып отыр.
«Діни экстремистік ұйымдардың бірінің мүшесі бола тұрып, ол Әндіжандағы қару қолданылған жаппай тәртіпсіздіктерді, лаңкестік шараларын, адамдардың өліміне алып келген ірі көлемдегі қаруы басып алынған Әндіжан облыстық ІІБ патульдік-күзет қызметінің батальонына жасалған шабуылды ұйымдастыруға белсенді түрде қатысқан», — деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Алматы полицейлері оны Заря Восток ауылындағы жалға алған үйінен тұтқындады. Ол мемлекеттік шекараны заңсыз кескен болып шықты. Алматының орталық базарларының біріндегі асханаларда аспаз болып жұмыс істеген.
Сонымен бірге, жақында шұғыл қызметкерлер алаяқтыққа күдікті Ресей Федерациясының азаматын іздеп тапты. Былтыр жазда Владикавказ тұрғыны алдау жолымен ірі көлемдегі ақшаға ие болып, оны ойынханада ұтылғаннан кейін қашып кеткен. Ресейдің құқық қорғау органдарының мәліметтеріне сүйенсек, алаяқ осы уақытқа дейін Қазақстан аумағында жасырынған.
«Көптеген жедел-іздестіру шараларының барысында біз Ресей азаматының желтоқсан айына дейін Астанада жалдаған пәтерлерде, сосын Алматыдағы досына келгенін анықтадық. Бізге күдіктінің мекенжайын анықтау қиындық тудырмады. Нәтижесінде ол тұтқындалды», — деп хабарлады Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының іздестіру бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Вадим Стрельцов.
Сондай-ақ, полиция іздеуде жүрген тағы бір өзбек азаматын тұтқындады. «31 жастағы ер адам өз отанында құл саудасына қатысты болған. Ол өзінің серіктестерімен бірге белгілі бір ақыға жұмыс күшін ұсынып отыған. Оны қылмыстық жауапкершілікке тартқан соң құл саудагері қашып кеткен», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
«Қаланың құрылыс нысандарының бірінде заңсыз жағдайдағы ағаш шебері тұтқындалған-ды. Кейіннен оның сол құл саудасына байланысты іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы екендігі мәлім болды», — деп хабарлады подполковник Стрельцов.
Криминалдық полиция басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, осы жылдың басынан бері Алматы қаласының полиция қызметкерлері ТМД елдеріндегі әріптестеріне 14 қылмыскерді іздеп табуға жәрдемдескен. Оның бесеуі ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті