«Халықаралық саясатқа қатысушы түрлі жақтардың мүдделерін тиімді сабақтастырудың сапалық жаңаша тетіктерін жасау қажет. Әрбір ел өзінің экономикалық және саяси әлеуетіне қарамастан, өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікті нығайтудың қамымен әрекет етуге тиіс», — деп мәлімдеді ол.
Мемлекет басшысының пікірінше, «халықаралық қоғамдастық» ұғымы «шешілуі қиын тауқыметтердің жауапкершілігін жүктей салу немесе өзінің сыртқы саясаты үшін «ғаламдық индульгенция» алу үшін ғана жүгінетін абстракциялық ұғымға айналды».
«XXI ғасырда болашаққа көріпкелдік жасап болжам айту емес, оны қолдан жасау қажеттігі айқындалды. Келешек жаман немесе жақсы бола алмайды. Оның қандай болатыны біздің оны қалай жасайтындығымызға байланысты», -деп мәлімдеді Н. Назарбаев.
Сол себепті, президенттің пайымдауынша, әлемнің барлық еліне бірдей үлкен жауапкершілік жүктеледі. «Біздің бала-шағамыз бен немерелеріміздің өмір сүруге жарамды қауіпсіз әлемде тіршілік ете алу-алмауы, немесе, әлемдік жүйенің дамуының ең пессимистік және шиеленісті болжамдары жүзеге асырыла ма, жоқ па деген мәселе біздің бүгінгі іс-әрекетімізге тікелей байланысты», -деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті