Қазақстан өзінің бір де қадамымен өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікке нұқсан келтірмеген мемлекет ретінде үлгі - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан өзінің бір де қадамымен өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікке нұқсан келтірмеген мемлекет ретінде үлгі   - президент

Қазақстан өзінің бір де қадамымен өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікке нұқсан келтірмеген мемлекет ретінде үлгі - президент

Алматы. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан өзінің бір де қадамымен өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікке нұқсан келтірмеген мемлекет ретінде үлгі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жетінші Еуразиялық медиафорумның ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін агенттігі.

  • 24 Сәуiр 2008
  • 492
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бері өзінің бір де қадамымен, бір де әрекетімен, тіпті бір сөзімен де өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікке нұқсан келтірмеген мемлекет ретінде үлгі бола алады», — деді ол.

Ядролық қарудан бас тарту мен Азиядағы сенім режимін дамыту секілді біздің бірінші бастамаларымыз «әлемдік қоғамдастық алдындағы өзіміздің жауапкершілігімізді сезінетінімізді бірден паш етті», деп еске салды ол. Сонымен бірге оның атап өтуінше, «ядролық қарулы мемлекеттер баршасын қарусыздануға, ядролық қаруды таратпауға және оны иемденбеуге шақыра отырып, өздері сондай ядролық арсеналды азайту немесе жою үшін ештеңе істемей отыр». «Бұл — адамзаттың алдындағы күрделі проблема. Дәл осы жайт басқа елдерді ядролық қару жасауға итермелейді», — деді Н. Назарбаев.

Бүгін Қазақстанда бірнеше бөлімнен тұратын аймақтық және ғаламдық мақсат-міндеттердің өзіндік күн тәртібіне ие.

Атап айтсақ, «біздің еліміз ұсынған Азиядағы Өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес, Еуразиялық одақ идеяларының жақтастары көбейді». Сонымен бірге, 2003 жылы Астана ғаламдық конфессияаралық диалогтың орталығына айналды. «Келесі жылы біз Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезін өткізбекшіміз және оның БҰҰ қолдауымен өткенін қалаймыз», — деді президент.

Сонымен қатар ол «еліміз батыс пен ислам әлемі арасында диалог орнату жөнінде бастама көтергенін» атап өтті. «Оны одан әрі дәйектеу үішн Астанада осы жылдың қазан айында «Ортақ әлем : әртүрлілік арқылы ілгерілеушілік» атты халықаралық форум өтеді, оған біз мұсылман және батыс елдерінің сыртқы істер министрлерін шақырдық», -деді президент.

«Біз оны «Өркениеттер альянсы» идеясына жақын диалог алаңы деп санаймыз, оның мақсаты өркениеттер арасындағы ұлғая түскен алшықтық пен сенімсіздікті еңсеру үшін ұжымдық саяси ерік-жігерді шоғырландыруға саяды», — деді ол.

«Сонымен бірге, біздің еліміз Еуропа мен Азия арасындағы экономикалық ықпалдастықта да маңызды роль атқаруға талпынуда», — деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті